Қабылдау бөлімшесі

 

 

 

Бөлімше меңгерушісі

Жаксалыкова Мадина Табылдықызы

"Нұр-сұлтан Медициналық Университеті "АҚ-ның емдеу ісі мамандығы бойынша түлегі , екінші санатты терапевт дәрігер, " Терапияның өзекті мәселелері " тақырыбында және "EXPO 2017-ге дайындық аясында медициналық мекемелерде тиімді сервистік қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлау курсынан өтті. 2017 жылы Израильде Хайфа қаласында "Триаж" жүйесі бойынша оқудан өтті.

Еңбек өтілі: 8 жыл

Байланыс телефоны: 8 (7172) 57 72 44, 57 72 49, 43 26 67.

 

 

БӨЛІМШЕ ДӘРІГЕРЛЕРІ

  • Рахымжанова Айжан Байдалыкызы  –  екінші санатты терапевт дәрігер. "Нұр-Сұлтан Медицина Университеті"АҚ түлегі.
    Еңбек өтілі: 3 жыл
  • Бектасова Шолпан Сабырқызы –  терапевт дәрігер. "Нұр-Сұлтан Медицина Университеті"АҚ түлегі.
    Еңбек өтілі: 1 жыл
  • Жаппасбаева Асылгүл Жұмабекқызы  –  терапевт дәрігер. С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі.
    Еңбек өтілі: 3 жыл
  • Аубакирова Перизат Қалкенқызы –  терапевт дәрігер. "Семей медицина университеті" ҰАҚ түлегі.
    Еңбек өтілі: 1 жыл
  • Газизова Кымбат Мараткызы –  терапевт дәрігер. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің Түлегі.
    Еңбек өтілі: 1 жыл
  • Закиева Аяулым Фархатовна –  терапевт дәрігер. "Семей медицина университеті" ҰАҚ түлегі.
    Еңбек өтілі: 2 жыл
  • Кенжебекова Айдана Нуржанкызы –  терапевт дәрігер. С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі.
    Еңбек өтілі: 1 жыл
  • Ямковая Валентина Сергеевна –  терапевт дәрігер. "Нұр-Сұлтан Медицина Университеті"АҚ түлегі.
    Еңбек өтілі: 3 жыл
  • Жакиянов Думан Жардемқұлұлы –  хирург дәрігер. "Семей медицина университеті" ҰАҚ түлегі.
    Еңбек өтілі: 20 жыл

№ 2 көпбейінді қалалық аурухананың қабылдау бөлімшесі тәулік бойы жұмыс істейтін маңызды бөлімше болып табылады.

Қабылдау бөлімшесінде Triage (3Н) жүйесі енгізілген. Науқастар ағымын сұрыптау (қызыл, сары, жасыл).

Күндізгі стационар жағдайында медициналық көмек ұйымдастырылады.

№ 2 КҚА қабылдау бөлімшесінде жұмыс істейді:


  • Кіші хирургиялық емшаралар жүргізілетін таңу кабинеті: жараларды алғашқы хирургиялық өңдеу, зарарланған жараларды санациялау, қан кетуді тоқтату және т. б.
  • Талдауға қан алу, инъекция жүргізілетін және т. б. арналған 2 емшара кабинеті бар.
  • ҚТП (қарқынды терапия палатасы) ауыр науқастар түскен жағдайда қызыл аймақ (6 төсек орынды), қазіргі заманғы аппаратурамен жабдықталған (ИВЛ, ЭКГ - аппарат, дефибриллятор, портативті рентген аппараты, партитивті УДЗ аппараты).
  • 8 қарау-тексеру кабинеті
  • Науқастарды санитариялық өңдеуге арналған 2 кабинет
  • Күндізгі стационар бөлімшесі бар
  • Аса қауіпті инфекциялар жағдайына күдікті науқастарға арналған БОКС (изолятор)

Пациенттерге қызмет көрсету үшін бөлімше қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жабдықталған, тәулік бойы клиникалық-диагностикалық зертханалық зерттеулердің барлық түрлері, ЭКГ, рентгенодиагностика, экскреторлы урография, цистография, ангиография, холангиография, компьютерлік және магнитті-резонанстық томография, ультрадыбыстық зерттеулер, видеобронхоскопия, видеоэзофагогастродуоденоскопия, колоноскопия және басқа да зерттеулер жүргізіледі. Пациенттерді тексеріп-қарау, тексеру кезінде бірыңғай стандарттар әзірленді. Пациенттерді аурухананың қабылдау бөлімшесінен үйге аурухана көлігімен жеткізу жүзеге асырылмайды.

 

Жоспарлы емдеуге жатқызу бөлімше меңгерушілеріне алдын ала кеңес бергеннен кейін емдеу мекемелерінен басшылық куәландырған және тексерудің барлық қажетті нәтижелерімен расталған жолдамалары болған жағдайда белгіленген күні жүзеге асырылады.

Емдеуге дейінгі зерттеулер тізбесі:


  • Қанның жалпы талдауы, қан кетудің ұзақтығын, ұю уақытын анықтау
  • Зәрдің жалпы талдауы
  • Қанның биохимиялық талдауы: жалпы ақуыз, ақуыз фракциялары, жалпы және тікелей билирубин, алат, асат, тропонинді тест, МВ-КФК, глюкозаны анықтау, креатинин, несепнәр, электролиттер, амилаза
  • Коагулограмма, д-димерлер, I-тропонин 10-15 минут ішінде
  • RW-ға қан, АИТВ инфекциясы, гепатит
  • Қан тобы, резус-фактор
  • Кеуде қуысы мүшелерінің, мұрынның қосалқы қуыстарының флюорографиясы немесе рентгенографиясы
  • ЭКГ
  • Терапевтің тексеріп-қарауы
  • Невропатологтың тексеріп-қарауы
  • Пульмонологтың тексеріп-қарауы
  • Кардиологтың тексеріп-қарауы
  • Гинекологтың тексеріп-қарауы
  • Офтальмологтың тексеріп-қарауы
  • Лор-дәрігердің тексеріп-қарауы
  • Жақ-бет хирургының тексеріп-қарауы
  • Хирургтың тексеріп-қарауы (жалпы, іріңді, тамырды, торакальды)
  • Урологтың тексеріп-қарауы
  • Травматологтың, нейрохирургтің тексеріп-қарауы
  • Патологияға байланысты-іш қуысы, бүйрек, кіші жамбас ағзаларының УДЗ, Эхо-КГ, аяқ тамырларының УДДГ, рентгенография, КТ, МРТ
  • ФГДС, ФБС, колоноскопия

 

Біздің мекенжайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Тұрар Рысқұлов көшесі, 6-үй

Қабылдау бөлімшесі, 1- қабат.

Тіркеу орны: 8 (7172) 57 72 45

Қабылдау бөлімшесінің байланыс телефоны: 8 (7172) 57 72 44, 57 72 49, 43 26 67.

Пайдалы сілтемелер


01.png02.png03.png04.png05.gif06.png
01.png011.png02.png03.png04.png05.png

Copyright © 2017 - №2 Көпбейінді қалалық аурухана, Нұр-Сұлтан қ.
барлық құқықтар қорғалған

Development and maintenance of this site - web studio "Siteland"