Медициналық ұйым туралы

  • БІЗДІҢ ҰРАН

    БІЗДІҢ ҰРАН

    «Инновация ғасырындағы мейірімділік дәстүрі»

  • БІЗДІҢ ҰРАН

    БІЗДІҢ ҰРАН

    «Инновация ғасырындағы мейірімділік дәстүрі»

  • Миссиямыз

    Миссиямыз

    Адамды емдеу арқылы – ұлт денсаулығын нығайтамыз

  • Пайымымыз

    Пайымымыз

    №2 көпбейінді қалалық аурухана – кең ауқымды заманауи технологияларды қолдана отырып дәлелденген, медициналық қағидаларына негізделген, уақытылы әрі сапалы медициналық көмекті көрсетуші Қазақстанның көшбасшы көпбейінді орталығы

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№2 көпбейінді қалалық аурухана» МКК - Нұр-Сұлтан қаласындағы ең ірі емдеу-диагностикалық мекеме (стационар), оның штатында жыл сайын 34 000-нан астам пациентке тәулік бойы шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсететін 2000-нан астам қызметкері бар.

Білікті мамандардың жоғары кәсібилігі, заманауи диагностикалық жабдықтарды пайдалану, сондай-ақ пациенттерге деген жанашырлық және мұқият қарап-емдеу біздің аурухана қызметінің негізін құрайды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№2 көпбейіді қалалық аурухана» МКК 2018 жылғы 22 тамыздағы Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының кейбір Денсаулық сақтау ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы» №106-1438 қаулысына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№2 қалалық аурухана» МКК мен Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 1 перинаталдық орталық» МКК қосу арқылы ұйымдастырылды.

Клиника екі блоктан тұрады: клиникалық блок және акушерлік блок. Клиникалық блок 2010 жылғы 29 маусымнан бастап жұмыс істейді, жалпы ауданы - 32 506 ш. м., іргелес аумағы 4,6 га. акушерлік блок 2009 жылдан бастап жұмыс істейді, ғимараттың жалпы ауданы - 41493 м2 іргелес аумағы 3,2 га.

ШЖҚ «№2 көпбейінді қалалық аурухана» МКК қызметінің жетекші бағыттары - хирургиялық және акушерлік, сондай-ақ сұранысқа ие терапевтік профильдер. Сонымен қатар, Жалпы терапия негізінде ревматология және аллергология сияқты бірнеше профиль бар. Клиника жоғары технологиялық, жоғары мамандандырылған, мамандандырылған медициналық көмектің кең спектрін, сондай-ақ қала тұрғындарына, әйелдерге жүктілік, босану кезінде және босанғаннан кейінгі кезеңде көпбейінді стационармен кешенде амбулаториялық емдеу-диагностикалық көмек көрсетеді. Денсаулық сақтауды дамыту және жаңғырту бағдарламаларын іске асыруға белсенді қатысады, оның шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру бойынша мұқият жұмыс жүргізіледі, материалдық-техникалық база жетілдіріліп отырады және пациенттердің қолайлы жағдайда болуы үшін жақсы жағдайлар жасалады.

 

БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ:

  • Пациенттің, сондай–ақ ана мен баланың денсаулығы мен өмірі - абсолютті құндылық және біздің қызметіміздің негізгі қағидасы. Пациентке бағдарлану.
  • Медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін үздіксіз іздеу және енгізу.
  • Мамандардың үнемі кәсіби жетілдірілуі және тұлғалық дамуы.
  • Командалық менеджмент, оң көзқарас, ұйымшылдық және өзара құрмет, барлық қызметкерлердің әлеуетін бір мақсатқа жетуге жұмылдыруға мүмкіндік береді.
  • Медициналық қызметтер спектрін кеңейту, халықаралық ынтымақтастық пен медициналық туризмді дамыту үшін халықаралық сапа стандарттарын енгізу.

Пайдалы сілтемелер


0001.png001.png02.png03.png04.png05.gif06.png
01.png011.png02.png03.png04.png05.png

Copyright © 2017 - №2 Көпбейінді қалалық аурухана, Нұр-Сұлтан қ.
барлық құқықтар қорғалған

Development and maintenance of this site - web studio "Siteland"