Әкімшілік

Тұрсынбаев Нұрбол Нұрланұлы – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№2 көпбейінді қалалық аурухана» МКК директоры. Жоғары санатты хирург дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты, ,бірінші санатты қоғамдық денсаулық сақтау менеджері. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалімен «Шапағат» мемлекеттік сыйлығымен марапатталған.

Еңбек өтілі: 22 жыл

Әубәкіров Ербол Мурсалұлы – директордың босандыру жөніндегі орынбасары, жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер. Жоғары санатты қоғамдық денсаулық сақтау менеджері.«Денсаулық сақтау ісінің үздігі»,«Алтын Дәрігер»,«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі»,«Астана қаласының 10 жылға қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталған.

Еңбек өтілі: 26 жыл

Ибраева Сауле Жамантайқызы – директордың амбулаториялық қызмет жөніндегі орынбасары. Жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер. Жоғары білікті санатты денсаулық сақтау менеджері. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі» төс белгісімен марапатталған.

Еңбек өтілі: 19 жыл

Айтмолдин Батыр Айтмолдинұлы - директордың хирургиялық көмек жөніндегі орынбасары.

Жоғары санатты хирург дәрігер, жоғары санатты колопроктолог дәрігер. Бірінші санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы дәрігер. Іскерлік әкімшілік магистрі, жоғары заңгерлік білімі бар. Қазақстан және Ресей хирургтары мен колопроктологтары қауымдастығының мүшесі.«Медицинаны дамытуға қосқан үлесі үшін»  төсбелгісімен марапатталған. Семей мемлекеттік медицина академиясының түлегі. Қазақстан, Ресей және Оңтүстік Кореяның жетекші клиникаларында эндоскопиялық және лапароскопиялық хирургия бойынша тағылымдамадан өткен.

Жұмыс өтілі: 19 жыл

Мағзумова Гулвира Ерсайынқызы - директордың медицина жөніндегі орынбасары, жоғары біліктілік санатты терапевт, 1 біліктілік санатты нефролог.

1 біліктілік санатты ұйымдастырушы дәрігер. Ресейдің ірі орталықтарында нефрология және гастроэнтерология бойынша оқудан, сондай-ақ Оңтүстік Кореяда менеджмент бойынша тағылымдамадан өтті.

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі» төс белгісімен марапатталған. ҚР Денсаулық сақтау министрінің, ҚР Премьер-Министрінің алғыс хаттары,  «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі ушин» төсбелгісі, «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалі бар.

Жалпы еңбек өтілі - 31 жыл

Ешанқұлов Мұрат Еркінбекұлы - директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары.

Көлік және коммуникация министрінің, Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамотасы, ҚР Қаржы министрінің алғыс хатын алған.«Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін» Ақтау қаласына 55 жыл мерейтойлық медалімен марапатталған.

Жұмыс өтілі: 20 жыл

Рүстемова Ұлша  Абдурасулқызы – ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметі бөлімінің басшысы, жоғары білікті санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, медиатор.

ISO 9001:2015, International university of fundamental studies талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудиторларын даярлау бойынша сертификаты бар. Денсаулық сақтау министрінің азаматтарды сауықтыруға қосқан үлесі және мінсіз еңбегі үшін, Астана қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің директоры Р. Қуанышбековадан, халықтың денсаулығын нығайтуға қосқан үлесі үшін және медицина қызметкері күнімен, көп жылдық еңбегі, кәсіби шеберлігі үшін және медицина қызметкері күнімен Астана қаласының № 2 қалалық ауруханасының бас дәрігері И.Лиден грамоталармен, қаланың мерейтойына орай Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.Назарбаевтың орденімен, Астана қаласының № 2 қалалық ауруханасының бас дәрігері И. Лиден  үздік еңбегі үшін белгісімен марапатталған.

Еңбек өтілі: 34 жыл

Мусабаева Айна Мұратқызы – директордың мейірбике ісі жөніндегі орынбасары. Жоғары біліктілік санатты мейіргер. Іскерлік әкімшілік магистрі.

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Израильде білім алған.

Жалпы еңбек өтілі: 29 жыл

Пайдалы сілтемелер


0001.png001.png02.png03.png04.png05.gif06.png
01.png011.png02.png03.png04.png05.png

Copyright © 2017 - №2 Көпбейінді қалалық аурухана, Нұр-Сұлтан қ.
барлық құқықтар қорғалған

Development and maintenance of this site - web studio "Siteland"