Бас дәрігердің блогы


Құрметті пациенттер!

Біздің мекемеде Сіздерге дәрігердің кеңес беруінен бастап, стационарда кешенді тексерілу және емделуге дейінгі медициналық қызметтердің кең спектрі ұсынылған.

Біз Сіздердің денсаулықтарыңызды сақтау мен күшейтуге ұмтылудамыз және біздің ауруханада жатуларыңыз  ыңғайлы, ал сауығуларыңыз тез болуы үшін қолымыздан келген жағдайлардың барлығын жасаймыз.

Біздің басты мақсатымыз – Сіздерге сапалы медициналық қызмет көрсету.

Сіздерден медициналық қызметкерлердің қиын еңбек жолына түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Егер қызмет көрсету барысында медициналық қызметкерлер әділетсіз және дөрекі әрекеттер көрсетсе немесе жемқорлықтың орын алу белгілері пайда болған жағдайда, 577-225 байланыс нөмірі арқылы, тікелей маған хабарласуларыңызға болады.

Құрметпен, ШЖҚ «№2 көпбейінді қалалық аурухана» МКК бас дәрігері                                                   Ли Иван Иванович

 

 

Сұрақ-жауаптар   

#3 Даулетова Айнур Сагаткалиевнаға жауап 20.06.2017 01:39
Цитирую Даулетова Айнур Сагаткалиевна:
Құрметті Иван Иванович! Мен, Орал қаласының тұрғыны Даулетова Айнур Сагаткалиевна, 2017 жылғы маусым айының басында Астана қаласына қыдырып барған болатынмын. 10 маусым күні аяқ астынан ішім приступ ұстап қатты ауырып, сол күні кешкі сағат 20.00-де жедел жәрдеммен Астана қаласының №2 қалалық ауруханасына жеткізілдім. Ауруханаға жетікізілісімен кезекшілікте жүрген аурухана қызметкерлері, яғни дәрігерлер, мейірбикелер өздерінің кәсібилігін көрсетіп, жедел қабылдап, қажетті шараның барлығын жасап, жалпы хирургия бөлімшесіне жатқызды. Түнде шұғыл түрде острый аппендицит диагнозымен ота жасады. 14 маусым күні ауруханадан шықтым. Қазіргі кезде жағдайым бірқалыпты, денсаулығым жақсы. Ауруханада болған кезде дәрігер Айгараев Рахымжан бастаған жалпы хирургия бөлімшесінің дәрігерлері, медқызметкерлері және санитарлық қызметкерлері қызметтеріне адал, кәсіби маман, сыпайы, мәдениетті, өз ісінің шеберлері екенін көрсетті. Бұдан бұрын бір екі ай бұрын анам Чабдарова Сауия Уаповна аталған бөлімшеде ота жасалды. Ол кісі де сол бөлімшенің медқызметкерлеріне алғыс білдіруді сұраған болатын. Көбінің аты жөндері есімде жоқ, дәрігер Абжамиев Еркін Бекболатұлы, Айым, Асылзат Асем тәте сияқты т.б. есімдері аталмаған бөлімшенің барлық қызметкерлеріне анамның және өзімнің атымнан медицина қызметкерлері күнімен құттықтап, шексіз алғысымды жеткізгім келеді. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер! Аман болыңыздар! Сіздер секілді Гиппократ антына адал қызметкерлер көп болсын! Сонымен қатар, медицина қызметкерлері күніне орай жалпы хирургия бөлімшесінің барлық қызметкерлерін өз құзырыңызбен көтермелеуіңізді сұраймын.

Сәлеметсізбе, Айнур Сагаткалиевна!
Сізге бас дәрігердің блогына жазғаңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Сіздің алғыс сөздеріңіз жалпы хирургия бөлімшесінің қызметкерлеріне жеткізілді.
Сұраққа жауап
#2 Камилаға жауап 27.03.2017 00:16
Цитирую Камила:
Гепатит В, Д және бауырдың циррозы диагнозы бойынша Астана қаласында гепатологиялық орталығында 2012 жылдан бері тіркеуде тұрамын. Маған ай сайын дәрі алып емделуге шамамен 70 000 теңге кетеді. Соның себебінен 2017 жылы 28 ақпанда мүгедікке шығу үшін қалалық комиссияда (МСЭК) қаралып, мүгедікке шығу үшін емделу парағының аздығына байланысты мүгедектікке шығарылмадым. 2012 жылдан бері 5 жыл өтседе Астана қаласында 1 рет қана емделуге жіберілдім. Және де дәрі жағынан көмек беру жайлы Астана қаласының әкімдігіне жазған хаттарымда, бауырдың циррозын емдеу үшін дәрілерді алуға қаражаттар қарастырылмағанын хабарлады.
2017 жылы 24 ақпанда тапсырылған анализдердің қорытындылары жаман шығуына байланысты Астана қаласындағы гепатологиялық орталық №2 ауруханаға емделуге кеңестік қорытынды берді. 24 наурызда берілген кеңеспен мен №7 емханаға барып порталға кезекке тұру үшін 1 участок терапевіне анализдерды жинап амбулаториялық картамды тапсырдым. 1 участок терапеві құжаттарды алып 3 наурызда өзім хабарласам деді. 6 наурызда 1 участок терапевіне портал жайлы білу үшін барғанда амбулаториялық картамды жоғалтып гиниколыктан бірақ тапты.
Терапевт порталға жолдама жіберіп, оның қабылданбағанын маған хабарламаған. 15 наурызда №7 емханаға барғанда оны кейіннен білдім. 15 күн өткеннен кейін порталға жату үшін выпискада гастерентологтың кеңестік парағын жоқтығын учаскелік терапеві айтты. 17 наурызда №7 емхана жазып берген жолдамамен №2 емханаға барғанда, кеңес ақылы деп мені қабылдамай тастады. 18 наурызда ақылы қабылдаумен №2 ауруханада гастерентологта болдым. №2 ауруханада дәрігер компьютерлік томографияға түсіп, қанның анализдерін қайтадан жинап және ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығына барып тексеріліп қайта №2 ауруханаға келетінімді айтты. Компьютерлік томографияға түсу үшін 32 000 теңге керек екен, менің оған беретін ақшам жоқ, дәрілерді әрең алып жүргенде. Сонда емделу және мүгедектікке шығу үшін бауырдын циррозын асқынуын күтіп жүру керек пе? Неге бауырдың циррозын асқынуын алдын алуға болмайды. №7 емханадағы дәрігерлер соның барлығын алдын ала неге айтпаған. Қағазбастылықтың және дәрігерлердің кесірінен 1 айдан бері емханада порталмен ем ала алмай жүрмін. Неге дәрігерлер өздерінің жұмыстарына жауапсыздықпен қарайды. Уақытылы емделмегендіктен денсаулығым күннен күнге нашарлап бара жатыр. Сонда мемлекеттік қаражатпен емделу үшін не істеу керек.
Жоғары айтылғандарға байланысты, Сіздерден емханада порталмен ем алуға және мүгедектікке шығуға көмек беруіңізді сұраймын.
Құрметпенен,
Маметова Камила Жаңбырбайқызы
Астана қаласы,

Қүрметті Камила Жаңбырбайқызы
№2 қалалық аурухана сіздің 2017 жылғы наурыздың 24-дегі жазған шағымыңызға байланысты келесіні хабарлайды.
№2 қалалық аурухананың ішкі аудит бөлімі №7 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары А.Б. Абикеевамен телефон арқылы хабарласты.
№7 қалалық емхана учаскелік дәрігері сізбен хабарласып, сіздің жағдайыңызға байланысты туындаған сұраққа толық мәлімет беретінін айтты.
Пациенттерді амбулатория деңгейінде толық тексерістен өткізген соң, Портал арқылы госпитализацияғ а жіберіледі. Тексерулер мен мамандардың консультациялар ы №2 ауруханада ақылы жүргізіледі.
Учаскелік дәрігер әкімшілік квота беруге сіздің кұқығыңыздың негізін анықтаған соң,сізге жолдама береді.Сол кезде сізді №2 қалалық ауруханада тегін консультациялық кеңес пен компьютерлік диагностика өткізуге болады.
Сұраққа жауап
#1 Кульшатқа жауап 13.11.2016 23:27
Цитирую кульшат:
Менын балама 7айдан асты. Ода бронхит абстракция журып жатыр. Жотелы катты какырыкпен. И хрип отдышка. Не истесем болады

Сәлеметсізбе, құрметті Кульшат! Сізге Астана қаласының № 2 қалалық балалар ауруханасына хабарласуыңыз керек.
Сұраққа жауап

Сұрақ қою

Пайдалы сілтемелер


01.png02.png03.png04.png05.gif06.png
01.png011.png02.png03.png04.png05.png

Copyright © 2017 - №2 Көпбейінді қалалық аурухана, Нұр-Сұлтан қ.
барлық құқықтар қорғалған

Development and maintenance of this site - web studio "Siteland"